RU
Толық нұсқаға өту

Жолдау-2026: инвестициялық ахуал жақсарады

05.11.2026, 07:00 37

Биыл елде 10 инвестициялық жоба іске қосылды. Жыл аяғына қарай 35 жүзеге асады. Кейінгі 7 жылда көрсеткіш айтарлықтай өсті. Экономикаға 55 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды. 360-тан астам ірі жоба іске асты.

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының айтуынша, осы кезеңде 50 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Әсіресе ауыл шаруашылығы, машина жасау, цифрландыруды дамытуға басымдық берілген. Осының арқасында өндірісті әртараптандырылып, экономиканың шикізатқа тәуелдігі азайып келеді. Мемлекет басшысы Жолдауда инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту міндетін қойды. Жалпы инвесторлардың бір жобамен шектелмей, өндірісті кеңейтуге және жаңа бағыттарды дамытуға мүдделі болуы маңызды. Бұл үшін, әрине, барынша қолдау қажет.

Сұлтанғали Кенжеқұлов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

- Инвесторлар Қазақстанның көршілес елдерінің нарықтарына деген жақындығын, осыған қызығушылық білдіруде. Мысалы, Қазақстанға шығарған өндірісті Орталық Азияға да шығарады. Ресейге де шығарады, Кавказ мемлекеттеріне де шығарады. Әрине, Қытайға шығарады, Еуропаға шығарады. Осыған инвесторлар, әсіресе осы шетелдік инвесторлар өте үлкен қызығушылық білдіруде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz