RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында жұмыс квотасы 10 есе аз бөлінген

05.11.2026, 08:00 39

Алматы облысында мүгедектігі бар азаматтарға арналған жұмыс квотасы тиісті мөлшерден он есе аз бөлінген. Заңбұзушылықты облыстық прокуратура анықтады.

Әлеуметтік кодекске сай, штатында 50-ден аса қызметкері бар 471 мекеме кемінде 963 жұмыс орнын қарастыруға тиіс еді. Алайда бұл міндетті тек 55 ұйым орындаған. Соның салдарынан мүгедектігі бар азаматтардың еңбекке араласып, тұрақты жұмыс табуына берілетін мүмкіндік шектелген.

Абылайхан Тәжібай, Алматы облысы прокурорының көмекшісі:

- Талдау барысында заңнамада көзделген жұмыс орындарының квотасы толық көлемде орындалмағаны анықталды. Прокурордың қадағалау актісі бойынша аталған заң бұзушылықтар жойылып, қазіргі таңда лауазымды жауапты тұлғалар, 5-ке жуық лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда Бас Прокуратураның қолдауын тауып, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында аталған жұмыстар жүзеге асырылуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz