RU
Толық нұсқаға өту

Цифрлық платформа туристердің қауіпсіздігін күшейтеді

05.11.2026, 08:10 35

Алматы тауларында адасқандар көп. Құтқарушылар биылдыққа 440 рет шақырту алып, биікке шыққан. Әсіресе жасөспірімдердің немқұрайлығы алаңдатады. 

Туристер қауіпсіз болуы үшін тақауда Аlmaty Hike цифрлық платформасы іске қосылды. Енді қай шыңға шығатыныңызды сайтқа жазып кетесіз. Жүйе жайлы ақпарат автобус, метро басқа да қоғамдық орындарда кеңінен таратылып жатыр. 

Алып тауларға қызығушы туристер саны жылдан-жылға артып келеді. Тау қойнауы қандай әдемі болса, қауіп-қатер де көп. Тек биыл 700-ден аса адам құтқарылыпты. Оның 151 – кәмелетке толмағандар. Өкінішке қарай 7 адам тауда қайтыс болды. Енді саяхатшылардың қауіпсіздігі цифрлық жүйе арқылы бақыланады. Тауға шығатын кез келген адам Аlmaty Hike платформасына қандай шыңға барады, қай жолмен жүреді, қашан қайтады осы мәліметтің барлығын енгізу қажет. Егер айтқан уақытта оралмаса құтқарушылар дереу іздеуге кіріседі.

Дәулет Бекмұхамбетов, Алматы қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы:

- Бұрын мұндай сайт болмаған кезде хабарлама келіп түскен кезде мысалы, Сәтбаев шыңы десе, сол шыңның маңының барлығын қарайтын едік. Ал қазіргі таңда Сәтбаев тіркелген уақытта біз тек қана сол бағытпен тез арада көрсетілген маршрут пен адамды тауып аламыз.

Мамандардың айтуынша, цифрлық платформа іздестіру жұмысын екі есе қысқартады. Төтенше жағдайда уақыт алтыннан да қымбат. Тәжірибелі адамдар бұл бастаманы қуана қабылады.

Валерия Чивжель, Алматы қаласының тұрғыны:

- Алматыда тауға апаратын соқпақтар көп. Күрделі жолмен биік шыңға шығатын болсаң, мұқият дайындық қажет. Тауда түрлі жағдай болуы мүмкін. Ауа райы бұзыла бастаса, бірден кері қайту керек. Қазір жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше мән берген жөн. Ата-аналары қайда және қандай жолмен бара жатқанын білуі тиіс. Себебі тауда адасып жатқан жастардың саны артып келеді.

Аlmaty Hike сайтын енгізбес бұрын құтқарушылар арнайы дайындықтан өтті. Электронды жүйе үш тілде қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта ауа райы жайлы және басқа да маңызды мәліметтер енгізіледі.

Бекзат Үшкемпір, тілші:

- Электронды сайтқа телефонмен QR кодты сканерлеу арқылы қосылуға болады. Одан кейін өзіңіз жайлы толық мәлімет қалдырасыз. Ал мұндай тақтайшалар қаланың туристер көп шоғырланатын аймақтарында орналасқан. Еске сала кетейік, соңғы бес жылда Алматы тауларында 2000 адам құтқарылған. Оның ішінде 300-ден аса адам жарақат алған, 400-ге жуығы кәмелет жасына толмағандар. Ал 40-қа жуық адам көз жұмған.  

Авторы: Бекзат Үшкемпір  Валентин Лобанов  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz