Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар техникаларын сайлап жатыр. Бұл өлкеде қыста көшкін қаупі күшейеді. Тау жолдарын қар басуы әдеттегі құбылыс. Биыл қаңтарда өңірде күн райының бұзылуынан жолдар 160 рет жабылған.
200-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды. Осы себепті құтқарушылар бұл қысқа да тас-түйін дайын отырмақ. Тактикалық оқу-жаттығу жиынында 100-ден астам арнайы техниканың әзірлігі тексеріліп, мыңға жуық құтқарушының кәсіби дайындығы пысықталды.
Евгений Егоров, ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары:
- Бізде қарда жүргіш көліктерде бар. Оларды жол талғамайтын «Трэкол», «Шерп» көліктерінің тіркемесіне салып, шалғай жерлерге тез жете аламыз. Азаматтарға айтарым, тосын жағдайға тап болмас үшін, алыс жолға шығар алдында 112 қызметінің хабарламасына мән беріңіз.
Тегтер #ШҚО #құтқарушы #техника #көшкін #тауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz