RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да шалғай аудандарда жылу желісі салынып жатыр

05.11.2026, 08:50 36

Шығыс Қазақстанда шалғайдағы бірнеше елді мекенде жылу желісінің құрылысы басталды. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға байланысты жұмыстар Тарбағатай, Самар,Үлкен Нарын аудандарында жүріп жатыр.

Жалпы аймақта жылу жүйесін қалыпқа келтіруге ерекше назар аударылуда. Себебі тең жартысы тозған. Сондықтан биыл шамамен 45 шақырым желі жаңартылды. Бұл жүйедегі тозу деңгейін 3,5 пайызға төмендетпек. «Ал жырақтағы ауылдарда жылу желісін салу болашақта ондағы үйлерді орталықтандырылған жүйеге   қосуға мүмкіндік беріп, жұрттың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетеді, - дейді сала мамандары. Мұндай жаңа желі құрылысы облыс орталығында да басталған.

Досжан Сейіткамал, ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Ақжар Самар ауылдарында мүлдем орталықтандырылған жылу жоқ. Бұл жылу желілерінің басталған жобалары ауыл тұрғындарын орталықтандырылған   жылуға қосуға үлкен мүмкіндік береді. Және де Өскемен қаласында Шлюзная, Садовая көшелеріндегі жобалар бұл жаңа жобалар. Олар да сол көшеде орналасқан тұрғындарды орталық жылуға қосуға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz