Қазақстанда ветеринар мамандардың жалақысын көтерумен қатар, оларды арнайы киім және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сондай-ақ ғылыми дәрежесі бар ветеринарларға қосымша ақы төлеу және мамандардың кәсіби құқықтарын қорғайтын ветеринариялық палата құру ұсынылған. Бұл туралы Құрылтай депутаты Бота Елеусізова 24KZ телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, әсіресе ауылдық жерлерде ветеринар мамандардың жұмысы көп болғанымен, жалақысы төмен. Сондықтан әлеуметтік қолдау шаралары кадр тапшылығын азайтып, мамандардың салада тұрақтап қалуына ықпал етуі мүмкін.
Ауылдық жерлерде ветеринар мамандардың жұмыс ауқымы өте көп, ал жалақысы төмен. Сондықтан жалақыны көтерумен қатар, оларды арнайы құрал-жабдықтармен және киіммен қамтамасыз ету қарастырылып отыр. Бұл мамандардың тұрақтап қалуына және кәсіпке деген қызығушылығын арттыруға оң әсер етеді деп күтілуде, – деді Бота Елеусізова.
Заң жобасында ғылыми дәрежесі бар мамандарға да қосымша ақы төлеу қарастырылған. Атап айтқанда, ғылым кандидаттарына 14 айлық есептік көрсеткіш, ал ғылым докторларына 34 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үстемеақы берілуі мүмкін. Депутат бұл шара ветеринария ғылымы мен тәжірибесін байланыстыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сонымен қатар сала мамандарының есебін жүргізіп, кәсіби біліктілігін арттыруға және құқықтарын қорғауға көмектесетін ветеринариялық палата құру ұсынылған. Оған мүшелік ерікті болады, ал ұйым бюджеттен қаржыландырылмайды.
Бота Елеусізованың сөзінше, заң жобасы ветеринариялық қызметтің жеделдігін арттырып, орталық пен өңірлер арасындағы жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою көзделіп отыр.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #ветеринар #мал дәрігері #айлық #жалақы #Әлеуметтік көмекВетеринария саласы – тек мамандарға қатысты мәселе емес. Бұл – әрбір қазақстандықтың дастарханындағы тағамның қауіпсіздігі. Жануарлар ауруларының алдын алу, оларды дер кезінде анықтап, емдеу немесе оқшаулау – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі, – деді депутат.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz