RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында 26 отбасы баспаналы болды

05.11.2026, 16:52 52

Олардың қатарында көп балалы аналар, мүгедектігі бар азаматтар және ерекше қажеттіліктері бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар бар.

Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне облыс әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.

Жанар Құрманбекова Талғар аудандық ауруханасында 18 жылдан бері жұмыс істейді. Үш баланы тәрбиелеп отырған ана 2018 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған. Бүгін ол көптен күткен пәтерінің кілтін алды.

Жанар Құрманбекова, Талғар ауданының тұрғыны:

- Қуаныштымын, әлі де толқып тұрмын негізінде, қуаныштымын, әрине 20 жыл тосқан қуанышым десем болады. 20 жыл күттім. Тәуба, шүкір, жеттік. Алматы облысының әкімдігіне рақмет, өйткені 2018 жылдан бері кезекте тұрмын. Сол кезек бойынша алып жатқан үйім. Өздеріңіз көріп тұрғандай, мінеки баспана, кең, әдемі, көңілімізден шығып жатыр негізі. 

Талғар ауданында бүгін 26 отбасына пәтер кілті берілді. Жыл басынан бері ауданда 259 отбасы баспаналы болған. Тағы 72 отбасы бюджет есебінен жеңілдетілген несие арқылы үй алған. Облыс әкімі Шыңғыс Әрінов тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. 

Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі:

- Біздің Мемлекет басшымыздың салиқалы саясатының арқасында осындай керемет шараға жетіп отырмыз. Бұл шара соңғы емес. Жалғасын табатын болады. Талғар ауданы бойынша бізде 9 мыңдай адам кезекте тұр, оның бәрін жүйелі түрде кезең-кезеңімен бірге атсалысып, жүзеге асыратын боламыз.

Биыл Алматы облысында тұрғын үй сатып алуға 52,3 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 2533 пәтер сатып алу жоспарланған. Бағдарлама өңірдің барлық ауданы мен қаласын қамтиды.

Авторлары Гүлім Советқан, Аят Дүйсембай

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz