Ұзақ мерзімге несие беру тәуекел тұрғысынан банктер үшін тартымды, ал нақты сектор үшін қолжетімді болуға тиіс.
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесінде Қаржы секторы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова осылай деді. Экономист Асқар Қысықов мемлекеттік қолдау мен жеке капитал қатар жұмыс істеуі керегін айтты. Яғни мемлекет, банктер мен инвесторлардың ресурстарын біріктіріп, ірі жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Ол инфляция төмендеген сайын нарықтық кредиттер де бизнес үшін қолжетімді бола түседі дейді. Төлем қабілетін жасанды интеллект көмегімен жедел бағалау да ұсынылды. Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаевтың айтуынша, лизингті дамыту да маңызды. Себебі мұндай тетіктер кәсіпорындарға техникасы мен өндірістік қуатын еселеуге мүмкіндік береді. Ал «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев іскерлік кеңестің нақты шешімдер әзірлейтін алаңға айналуы қажеттігіне мән берді.
Тегтер #жолдау 2026 #банк #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz