RU
Толық нұсқаға өту

Шымкенттің даму жоспары жасалады

05.11.2026, 22:00 41

Шымкентте Президент Жолдауында айтылған міндеттерге орай қаланы одан әрі дамыту жоспары жасалады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы жергілікті актив отырысында айтылды. Жиынға атқарушы және құзырлы орган өкілдері, зиялы қауым мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты. Тараптар Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесін талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Президент Жолдауы – бүгінгі міндет, ертеңгі нәтиже. Актив отырысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков экономиканы нығайту, инфрақұрылымды жаңарту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру тапсырмаларына ерекше тоқталып, шаһарды дамытудың алдағы жоспарын айқындады. 

Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласының әкімі:

- Президентіміздің Жолдауы еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындайтын, экономикалық және әлеуметтік жаңғыру үрдістеріне тың серпін беретін маңызды стратегиялық құжат болып саналады. 

Жиында қоғамдық тәртіпті сақтау және тазалық мәдениетін қалыптастыру мәселелері жан-жақты пысықталды. Осы мақсатта өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы ерекше атап өтілді. 

Әбдез Иманқұлов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

- Жас ұрпаққа патриотизмді құр сөзбен емес, нақты іспен көрсетуіміз керек. Туған қаласын таза ұстау, қоғамдық тәртіпті сақтау, адал еңбек ету және ортақ іске атсалысу бұл отансүйгіштіктің күнделікті өмірдегі көрінісі. 

Қала экономикасының негізгі көрсеткіші шағын және орта бизнестің үлесімен артып, 70%-ке жуықтады. Сонымен қатар өңірде жалпы құны 1 миллиард АҚШ доллар болатын 350-ден астам инвестициялық жоба іске асырылды. Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес, келесі жылдан бастап кәсіпкерлік саласы цифрлық модельге көшіріледі.  

Сабира Адамбекова, Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Мораторийға байланысты енді қадағалау, бақылау реформасы жүргізілетін болады. Бұл жерде цифрлық модельге өтуге жақсы мүмкіндік береді. 

Жиын қорытындысында мегаполисті одан әрі дамытудың арнайы жоспарын әзірлеу тапсырылды. Қала әкімі сала жетекшілерін әр ұсынысты саралап, жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

Авторы Нұрсұлтан Мұхамеджан

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz