Ақтөбеде көлік полицейлері синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолын кесті, деп хабарлайды «24KZ».
Арнайы операция барысында жедел уәкілдер 10 келі Альфа-PVP психотроптық затын тәркілеп, ірі есірткі дүкенін жабдықтау арнасын анықтады.
Қылмыстық топ иерархия бойынша көлеңкелі сегменттің жолға қойылған схемасымен әрекет еткен. Анонимді оператордың нұсқауларын орындай отырып, есірткі дүкенінің «қоймашылары» ретінде жұмыс істеген.
Күдіктілер жеке үйді жалға алып, кейіннен оны өлшеп-орау цехы ретінде пайдаланған. Үй-жайды тінту барысында психотроптық заттар салынған 5 пакет табылды.
Тергеу барысында ұсталғандар кінәларын мойындап, есірткі жасырылған орынның қайда орналасқанын айтты. Орман алқабындағы аталған жерден есірткі салынған тағы 10 пакет тәркіленді.
Психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Енді фигуранттарға мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Ұсталғандар қамауға алынды.
Тегтер #Ақтөбе #полиция #есірткі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz