RU
Толық нұсқаға өту

Ақаба процесі – әлемдік қауіпсіздік бастамасы

06.11.2026, 13:00 45

Терроризм, экстремизм және трансшекаралық қылмыс шекараны білмейді. Олармен күресу үшін елдердің бірлесе әрекет еткені маңызды. Осы орайда өзара іс-қимылдың икемді форматын ұсынатын бастама Ақаба процесі пайда болды.

Кезекті саммиті Астанада өтіп жатқан Ақаба процесі қандай алаң? Сарапшылар Ақаба процесін ең алдымен жаһандық қауіпсіздік түйкілдері талқыланатын басты алаңның бірі деп бағалайды. Бұл бастама – терроризм, экстремизм және киберқауіптермен күресуге арналған жаһандық қауіпсіздік платформасы деген мәртебеге ие. Басқа алаңдардан басты ерекшелігі қатаң бюрократиясыз, әлем елдерінің арнаулы қызметтері мен әскери басшылары арасындағы жедел әрі жабық ақпарат алмасуында жатыр.

Ақаба процесі 2015 жылы құрылған. Негізін қалаушы – Иордан Хашимит Корольдігінің патшасы II Абдалла бен әл-Хусейн. Атауы алғашқы халықаралық кездесу өткен Иорданияның Қызыл теңіз жағасындағы Ақаба қаласының құрметіне қойылған.

Ақаба процесінің негізгі бағыттары – терроризммен күрес, Таяу Шығыс, Африка және Азиядағы радикалды топтардың белсенділігіне тосқауыл қою, идеологиялық майдан әсіресе интернет пен әлеуметтік желілердегі экстремистік үгіт-насихаттың жолын кесу, заманауи сын-қатерлер, оның ішінде дрондардың заңсыз қолданылуымен күре және жасанды интеллект технологияларының қауіпсіздігін бақылау және оның лаңкестік мақсатта қолданылуынан қорғану мәселелерін қамтиды.

Ақаба процесінің ауқымы өте кең. Құрылған күннен бастап осы уақытқа дейін халықаралық деңгейде жалпы саны 35-тен астам отырыс, жұмыс сессиялары және министрлер кездесуі өтті. 4 жыл бұрын Гаагада киберқауіпсіздік және барлау қызметтерінің жедел ақпарат алмасу жағдайы ортаға салынған. 2023 жылы Нью-Йоркте интернет пен онлайн ойындардағы экстремизмге тосқауыл тақырыбы талқыланды. Биыл ақпандағы Британиядағы Сэндхерст саммитінде әуе кеңістігін қорғау және дрондар қаупімен күрес мәселесі көтерілген. Ал қыркүйектегі жиында қарулы қақтығыс пен тұрақсыздық ошағына айналған Таяу Шығыс пен Ливанның қауіпсіздігін қолдау баса назар аударылды.

Авторы: Ернат Рахметолла

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz