RU
Толық нұсқаға өту

Қалдықтарды басқарудың Бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды

06.11.2026, 14:10 46

Елде заңсыз қоқыс полигондары азаймай тұр. Мәселені шешу мақсатында елде Бірыңғай цифрлық платформа іске қосылды. Жаңа жүйе қалдықтардың қай жерде пайда болғаны мен қайда тасымалданғанын бақылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар платформаға қалдық түзушілердің цифрлық паспорттары, олардың қозғалысын қадағалау және тиісті нысандардың тізімі енгізілген.

Жомарт Әлиев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:

- Қалдықтарды басқару платформасы – тұрмыстық қалдықтарды жинауды, тасымалдауды және қайта өңдеуді ынталандыратын ақпараттық жүйе. Оған заңды және жеке тұлғалар тіркеле алады. Бүгінде цифрлық жүйе аясында қайта өңдеуге бағытталған қалдықтардың жалпы салмағы 180 мың тоннадан асады. Оның 120 мың тоннасы биыл өңдеуге бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz