RU
Толық нұсқаға өту

Қаскелеңде жаңа саябақ абаттандырылды

06.11.2026, 14:20 44

Алматы облысының Қаскелең қаласындағы жаңадан ашылған саябаққа экобелсенділер мен еріктілер жүз шақты қайың мен алма көшетін екті. Өңірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Жалпы былтыр өңірде экологиялық акция аясында 110 мыңға жуық көшет отырғызылды. Ал орман алқаптарын ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес 17 мың гектар аумаққа 38 миллион 300 мың түрлі көшет егілген. Алдағы жылы бұл көрсеткішті 52 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл – өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл желек көлемін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыс.

Нұрбек Орманов, Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы
- Қоршаған ортаны жасылдандыру, көгалдандыру, абаттандыру мақсатында. Бұл ертең кейін 20-30 жылдан кейін үлкен ағаштар болады, ол бізге керек Қазақстанға. Ең бастысы – ойдың, сананың тазалығы бұл жерде және де тазалық мәдениетін қалыптастыру. «Жасыл ел» деген бағдарлама бар, білесіздер, соның аясында біз жастарды эко-мәдениетті қалыптастыруға үйретеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz