RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Бірге оқиық» акциясы өтті

06.11.2026, 16:20 45

Астанада мектеп оқушылары мен студенттер Ыбырай Алтынсариннің үш шығармасын бір мезетте оқыды. Бұл әдеби акция ұлы ағартушының 185 жылдығы мен «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында өткізіліп отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Әдеби акцияның негізгі алаңы Ы. Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Ал өзге білім беру мекемелері ютуб платформасы арқылы тікелей эфирге қосылды. Жасөспірімдер көрнекті қаламгердің «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы» және «Қыпшақ Сейітқұл» атты шығармаларын бір мезетте оқып шықты.

Нұрсәулет Төлеген, Құрылыс-техникалық колледжінің студенті:

– Ы. Алтынсариннің кітаптары өте жақсы және білімге жетелейді. «Кітап оқитын ұлт» акциясына қатысып жатырмын. Бұл марафонда 4 кітап оқыдым. Бұған дейін көп кітап оқымадым. Марафоннан кейін кітап көп оқу керек екенін түсіндім.

Мазмұнды акцияға барлығы 185 мыңнан астам адам қатысты. Солардың 25 мыңы – елордалық. Барлығы «Кітап оқитын ұлт» жобасына да үн қосып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жалпыұлттық марафон 8 бағытты қамтиды. Онда әр оқырман жарты жыл ішінде 15 кітап оқуы керек.

Аян Сакошев, «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры:

– Бірінші бағыт мектеп оқушылары, екінші бағыт колледж студенттері. Үшінші бағыт университет студенттері, оның ішінде арнайы педагогтарға арналған бағыт бар. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге арналған бағыттар бар. Сосын кітап оқуды қолдайтын зияткер және парасат деген бағыттар бар. Барлығы біздің азаматтарымыздың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Акция соңында арнайы эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар 100-ден астам кітап оқыған жас оқырмандарға кітап сыйға берілді.

Авторлары: Еркебұлан Смадияров, Медет Қуанышқалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz