RU
Толық нұсқаға өту

Биыл үш мыңға жуық қандас Қазақстан университеттеріне қабылданды

08.11.2026, 09:12 47

Биыл ел университеттеріне 3 мыңға жуық қандас қабылданды. 

Оларға жыл сайын бөлінетін мемлекеттік гранттың 4 пайызы беріледі. Бұдан бөлек 1,5 мыңға жуық жас фаундэйшн курстарында білім алып жатыр. Қандастар Еуразия ұлттық университетінде бас қосып, «Отандастар» жастар форумына қатысты. Студенттерге Қазақстандағы білім алу, жұмысқа орналасу және кәсіби тұрғыда өсу мүмкіндіктері таныстырылды. Ашық диалог пен мотивациялық кездесулер арқылы қандас студенттердің әлеуетін арттыру, қоғамға бейімделуіне және болашақта кәсібін таңдауға қолдау көрсету көзделген.

Абзал Талтенов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректорының м.а.:

- Қандастарымыз ең көп шоғырланған - ол біздің университет. Мың жеті жүзге тарта бауырларымыз бізде білім алып жатыр. Бакалавр, оны бітіргеннен кейін шамамен 30 пайызы магистратурада оқиды. 20 шақты бала докторантурада оқып жатыр. Бұл балаларымызға еліміздің өзі өте жақсы қамқорлық көрсетіп, өте үлкен жағдайлар туғызып беріп отыр. Гранттарға түсу, дайындыққа түсу, оқуға түсудегі жеңілдіктер. 

Ырысқали Дәуренбек, "Отандастар қоры" КЕАҚ президенті:

- Келіп жатқан жастар Моңғолиядан, Қытайдан, Өзбекстаннан, Ресейден келеді. Олардың да өз елдерінде жоғары оқу орындары бар. Бірақ соған қарамастан олар Қазақстанға келіп оқуы оның өзі, менің ойымша, олардың болашағы туралы ойлағандары. Өйткені олар Қазақстанға келіп білім алса, осы жерде қалу мақсатымен жол тауып ізденіп жатқаны.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz