RU
Толық нұсқаға өту

8 қараша - Статистика қызметкерлерінің күні

08.11.2026, 11:34 43

Бүгін ұлттық статистика күні.

Сала-сала бойынша сан-деректі сараптайтын статистика бюросында бүгінде үш мыңға жуық маман еңбек етеді. Өткенді талдап, болашаққа болжам жасауға аса қажет мағлұматтар қайдан жинақталады? Деректерді өңдеуде жасанды интеллект технологиясы қалай қолданылады? 

Гүлмира Маханбетова бірыңғай мәліметтер базасындағы медицина саласына қатысты соңғы мәліметтерді іріктеп отыр. Ұлттық статистика бюросында 20 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан маман бүгінде жұмысының анғұрлым жеңілдегенін айтады. Бұрынғыдай том-том қағазға шұқшиюдың қажеті жоқ, кез келген ақпарат электронды форматта беріледі. Ал оларды тапсыратын мекемелерді статистика мамандары респондент деп атайды екен. 

Гүлмира Маханбетова, ҚР Ұлттық статистика бюросының бас сарапшысы:

- Әлеуметтік денсаулық сақтау статистикасы туралы нысан бар. Жылдық нысанда, мысалы, әрбір респондент өзінің мәліметін сол жүйеге кіріп, сөйтіп енгізеді. Содан кейін біз оларды қарастырамыз. Оған логикалық-арифметикалық бақылау қойылған, сол арқылы біз тексеріп, оның қате немесе дұрыс толтырылғанын байқаймыз. Оны дұрыстағаннан кейін біз оны толық қалыптастырып, республика деңгейінде ресми сайтқа бюллетень ретінде орналастырамыз.  

Қандай да бір салаға қатысты мәліметтер бұрынғыдан қолжетімді бола түскені рас. Бұрын статистика бюросына жолданған сауалдың жауабын бірнеше апта күтуге тура келетін. Өйткені қажет мәліметтерді жинақтап, өңдеп, тексеру біршама уақытты алатын. Қазір қолданушылармен кері байланыс орнатып, деректерді өңдеу мен таратуда жасанды интеллект кеңінен қолданылады.  AIstat көмекшісі болса, ресми сайттағы чат-бот соның бір көрінісі.

Еркебұлан Иембердиев, Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда пайдаланушыларға өзімізақпараттық-аналитикалық талдаудың жаңа жүйесін ұсынғалы отырмыз. Ол жүйенің ерекшелігі – пайдаланушылардың деректерді тез арада алуы, аналитикалық құралдарын алуы қарастырылған. Сонымен қатар бұл талдау жүйесінде жасанды интеллект базасында ассистентті іске қостық. 

Биыл ұлттық статистика бюросы Азия Даму банкімен арнайы келісім жасасқан. Осы келісімге сәйкес, әдіснаманы жаңарту, заманауи цифрлық технологияны енгізу және мамандардың біліктілігін арттыруға арналған екі жылдық бағдарлама іске қосылады.  

Авторлары Бақыт Топтаева, Бағдат Қайыркен

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz