RU
Толық нұсқаға өту

Ескі көлікті кәдеге жарату тәртібі қайта қаралады

08.11.2026, 12:09 40

Қазақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жаратуға тапсырып, жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификатын алудың тәртібі өзгереді.

Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығы бір апта бұрын күшіне енген еді.

Алайда әзірге ескірген автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаcын қабылдау басталған жоқ.

Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейі 65 процентке төмендепті. Екі жыл бұрын 85 процент болатын. Алайда тоқмейілсуге негіз жоқ. Қолдағы трактор, комбайндардың жартысынан астамы әлі ескі. Президент өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын технологиялық жаңғыртудың сәті келгенін атап өтті. Биыл шаруалардың техника паркін жаңартуға жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша 350 миллиард теңге бөлінді. 

Жантемір Байжанов, Алтынсарин аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:  

- Алтынсарин ауданында 3364 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Бүгінде соның 1300-і ескіргендіктен есептен шығарылды. Шаруалар жеңілдетілген лизингті қазір жақсы пайдаланып жатыр. Соңғы үш жылда жаңа 55 комбайн, 73 трактор алынды. Қазіргі кезде техника паркінің 40 проценттен астамы жаңартылды.

Кәдеге жаратуға тапсырылған ескі автокөлік үшін берілетін жеңілдетілген сертификат - техника паркін жаңартудың тағы бір жолы. Бірақ ол құжатты алудың әуре-сарсаңы көп, дейді шараулар. Көбі сол қиындықтан қашып, қара металл ретінде тапсырғанды жөн санайды екен. 

Юрий Снегирёв, шаруашылық басшысы:  

- Президент техниканы жаңарту маңызды екенін дұрыс айтып отыр. Бізде сонау тың игеру кезінен қалған тракторлар бар. Бірақ жергілікті жердегілер оны жете түсінбейтін сияқты. Ескі техниканы утилизацияға апарсаң, «анасы жоқ, мынасы жоқ, неге жүрмейді» деп сергелдеңге салып қояды. Сүйретіп апарған дүниеме сертификатын бере қойса, бәрімізге жақсы болар еді. 

Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Жасыл даму» акционерлік қоғамы өкілінің айтуынша, соңғы шыққан Бұйрықта тек утилизацияға тапсырған құжаттарды, жеңілдік сертификатын алу жолдары көрсетілген. Ескі техниканы қабылдау әлі басталған жоқ. Қазір оның талап-шарттары қайта қаралып жатыр дейді. 

Арслан Бесжанов, "Жасыл даму" АҚ  департамент директоры:

- Қабылдаушы пункттермен заңды тұлғаларға, жеке тұлғаларға қатысты ескі автокөліктерді кәдеге жарату бойынша, тапсыру бойынша қағидаларды қайта қарастырып жатырмыз. Сондықтан бүгінгі таңда бағдарламаны іске асыру жұмыс істеп тұр деп айтуға әлі ерте. Болжамдап, болашақта айта алмаймын. Болашақта барлығы максималды ашық болуы үшін заңнаманы қайта қарастырып жатырмыз. 

Астықты өңір Қостанай облысында биыл техника паркін жаңарту деңгейі 8,2 процентке жеткізілді. Бұл өткен жылдарға қарағанда ең жоғарғы көрсеткіш. Қазіргі кезде өңірдегі ауыл шараушылығы техникасының жартысына жуығы жаңартылған.

Авторлары Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz