RU
Толық нұсқаға өту

Бірқатар өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

08.11.2026, 21:45 46

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты бірқатар өңірде жол қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Шектеу қысқы дөңгелек орнатпаған көліктерге қатысты, деп хабарлайды 24KZ.

Атап айтқанда, Астанадан Щучьеге және Павлодар облысына дейінгі жолда жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынды. Сондай-ақ Ақмола облысынан Шідерті кентіне дейін және Көкшетау мен Атбасар арасындағы жолда да қозғалыс шектелді. Алдын ала жоспар бойынша жол қозғалысы ертең таңғы сағат 9-да қайта ашылады. Жол жағдайына қатысты қосымша ақпаратты 14-03 байланыс орталығынан алуға болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz