RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері экологиялық акцияға қатысты

09.11.2026, 08:40 44

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Қарағанды облысында экологиялық акцияға қатысты. «Бірлік – Таза Қазақстан үшін» дәстүрлі шара аясында тұрғындар, волонтерлер мен қоғам белсенділері Молодежный, Жансары елді мекендері мен оған іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.

Президент «Таза Қазақстан» бастамасы бір реттік акция емес, әрбір азаматтың өмір салтына айналуы тиіс екенін бірнеше рет атап өткен болатын. «Бұл ретте әңгіме көшелердің тазалығында ғана емес, айналамыздағы тәртіп пен тазалықтың бастауы саналатын ішкі мәдениет туралы да болып отыр», - деді шараға қатысушылар.

Акцияға Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов өңір басшылары, республикалық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Акбаржон Исмаилов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

- Бұл акция Қазақстанның түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Біз де, Халық Кеңесінің мүшелері, Халық Кеңесінің жанынан құрылған «Бірлік» тобының ұйытқы болуымен осы үлкен акцияны өткізіп жатырмыз. Бұл елге деген әр азаматтың сүйіспеншілігі мен махаббатын көрсетудің бір жолы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz