RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026, 11:27 48

Абай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам тіркелді. Жобаның іске асырылу барысы облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте талқыланды, деп хабарлайды «24KZ».   

Марафон тұрғындардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар «Оқырман мектеп», «Оқырман педагог», «Оқырман колледж», «Оқырман университет» және басқа да бағыттар бойынша белсенділік танытып отыр.

Мектеп бағытына 15 мыңнан астам адам қатысып, 8 мыңнан астам пікір жазған. Ал педагогтер арасында 6 мыңнан астам қатысушы тіркеліп, 6 448 пікір қалдырған. Қатысушылар саны бойынша Жарма ауданы, ал пікірлер саны бойынша Аягөз ауданы көш бастап тұр.

Облыс әкімі жобаны формальды есептілікке айналдырмай, оның мазмұнына басымдық беру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ үздік нәтиже көрсеткен аудандардың тәжірибесін таратып, төмен көрсеткіш тіркелген бағыттарда жұмысты күшейтуді тапсырды.

Берік Уәлидің айтуынша, марафонның басты мақсаты – балалар мен жастардың, мемлекеттік қызметшілердің және жалпы тұрғындардың арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz