RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Шекара қызметі 3 мыңнан астам заң бұзушыны ұстады

09.11.2026, 12:25 53

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2026 жылғы қазанда мемлекеттік шекараны күзету және қорғау барысында бірқатар заңсыз әрекеттің жолын кесті. Бір ай ішінде 3 318 құқық бұзушы ұсталып, жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асатын заңсыз жүк тасымалының 1 267 фактісі анықталды, деп хабарлайды «24KZ».

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, шекара кеңістігінде ұсталғандардың 2 791-і шетел азаматы.

Каспий теңізіндегі браконьерлік әрекеттерге де тосқауыл қойылды. Атап айтқанда, бір айда заңсыз балық аулаудың 119 фактісі анықталып, 88 км браконьерлік құрал тәркіленген. Сондай-ақ 187 дана, жалпы салмағы 933 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Ведомство дерегіне сәйкес, браконьерлік әрекеттердің жолын кесу нәтижесінде мемлекетке келуі мүмкін 413 млн теңгеден астам залалдың алдын алу мүмкін болған.

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша Шекара қызметі өз құзыреті шеңберінде 47 қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұдан бөлек, 3 021 әкімшілік іс қозғалып, 35 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Ал қалған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды.

Осылайша, ҰҚК Шекара қызметі қазан айында мемлекеттік шекарадағы заңсыз көші-қон, контрабанда және браконьерлік әрекеттерге қарсы бірқатар шара жүргізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz