RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан арқылы шетелдік онлайн-казиноларға 191 миллиард теңге аударылған

09.11.2026, 13:20 43

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз төлемдерге қатысы бар топтың ісін сотқа жіберді. Тергеу мәліметінше, күдіктілер үш компанияның төлем жүйесін пайдаланып, жүздеген терминал арқылы ақша өткізген. Аударымдарды заңды етіп көрсету үшін кәсіпкерлердің деректері қолданылған, деп хабарлайды 24KZ.

Құжаттарда қаражат тауарлар мен қызметтерге төленген деп көрсетілген. Шын мәнінде ақша шетелдік казиноларға жөнелтіліп, кейін криптовалюта арқылы да шығарылған. Бұл әрекеттерден топ 286 миллион теңге комиссия алған. Ұйымдастырушы қамауға алынды. Төрт көлік пен 103 миллион теңге қолма-қол ақшаға тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. 

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

– Ал жалған шарттар мен арнайы жасалған сайттар арқылы ақша тауарлар мен қызметтердің ақысы ретінде төленгендей көрсетілген. Қаражат шетелдік тараптарға, соның ішінде криптовалюта арқылы аударылған. Қылмысты ұйымдастырған адам қамауға алынды. Соттың рұқсатымен төрт көлікке және 103 млн теңге қолма-қол ақшаға тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz