Қазақстандықтардың 44 пайызы дене шынықтырумен және спортпен айналысады.
Алда көрсеткіш көбеймесе, кемімейді. Осы мақсатта биыл елде 59 спорт нысаны пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 62 ғимарат қолданысқа қосылады. Бұл мемлекет мезіретінің бір бөлігі ғана. Бұдан бөлек бұқаралық спортты дамыту ісі де ілгерлеп келеді. Жаһандық жарыстарда жеткен жетістіктеріміз де аз емес.
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:
- Медаль – мойындағы металл ғана емес. Ол маңдай тердің, төзімнің, темірдей тәртіптің өтеуі. Елдің айбары, мемлекеттің абыройы. Ал отандық спорт саңлақтары мұндай маңызды мезетте мүдірмеді. Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар 43 әлем, 48 Азия чемпионатына қатысып, 103 алтын, 106 күміс және 132 қола медальді қанжылады.
Әлем чемпионаты - 43
Азия чемпионаты - 48
Алтын - 103
Күміс - 106
Қола - 132
Байрақты бәсекеде атой салған бұрымдылардың бірі Софья Берульцева. Жиырма жасында Олимп шыңы қаршадай қыздың алдында басын иді. Бұл олжаның бәсі бұқара үшін жоғары еді. Себебі сол каратэ тарихында алғаш және соңғы рет Олимпиада ойындарына енді. Ал ондай сәтте отандасымыз аянып қалмады, олжа салды. Шынықты, шыңдалды, Олимп шыңға шықты. Одан кейін де, дейін де дүйім елдің үмітіні һәм сеніміне селкеу түсірмеді. Азия, әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасының қоржынын алтынмен аптап, күміспен қүптеді.
Софья Берульцева, каратэден ҚР еңбек сіңірген спорт шебері:
- Азия ойындарынан кейін бізді Президенттің өзі қабылдады. Негізінде оны сөзбен жеткізе алмайсың. Сол сезімді, сол жақта. Президент өзі саған грамота береді, сен оның қасында тұрып, суретке түсіп жатырсың. Ақордаға кіріп жатсың. Соның өзі керемет күшті сезім. Оны шынымен де сөзбен жеткізе алмайсың. Ең бірінші бізге айтқан кезде, қойыңдаршы, дедім. Әшейіннен әшейін Президентке кіре алмаймыз ғой.
Сындарлы сәтте сүрінген кезі де көп. Дегенмен, халықтың қолдау, қошеметімен қайта тұрды. Қажымады, қайрат көрсетті. Егілмеді, елі үшін тырысты. Өйткені спорт өміріне айналды, өмірі спортқа байланды.
Софья Берульцева, каратэден ҚР еңбек сіңірген спорт шебері:
- Каратэ мен үшін әшейін спорт емес, қазір бұл менің өміріме айналды. Сонымен шынымен өмір сүру керек. Сол үшін тек ғана аянбай еңбек етіңдер және өз ісіңді сүйіңдер. Бізде қазіргі таңда мемлекет тарапынан қолдау ерекше, күшті, керемет. Бізде барлық жағдай жасалынған. Оқу-жаттығу жиындары, қандай деңгейде өтіп жатыр, қандай базаларымыз бар. Витаминазиция бар. Тренерлер үнемі қасымызды.
Иә, елде салауатты өмір салтын серік етемін дегенге жанға жағдай жасалған. Айталық, бізде 26 мың спорт нысаны бар. Онда халықтың қырық төрт пайызы шынығады. Әсіресе балаларды қолдаудың қарқыны қатты. 526 спорт мектебінде 400 мың жасөспірім спортпен шұғылданады. Бұдан бөлек 228 мың жеткіншек түрлі спорт секцияларына тегін қатысады. Бұл үшін бюджеттен 50 млрд теңге бөлінген.
Спорт нысаны - 26,5 мың
Халықтың спортпен шұғылдануы - 44,5%
526 спорт мектебі - 400 мың
Спорт секциясы - 228 мың
Ерлік Сертай да дүбірлі додаларда ел намысын қорғап жүр. Семсерлесуден әлем, азия чепионы атанған отандасымыз сан бағытты барлап барып, спорттың осы түрін таңдадым дейді.
Ерлік Сертай, семсерлесуден ҚР спорт шебері:
- Мен бірінші күреске бардым. Үйдегілерге айтатын кезде мұрынымнан қан ақты. Бармайсың деді. Сосын боксқа бардым. Қайттан келіп эмоциямен бөлісіп жатқан кезде қайтадан мұрынымнан қан ақты. Үйдегілер қорқып, боксқа да бармайсың, деді. Сосын семсерлесу жайлы білдім. Барып көрдім, ата-анамның сөзі, айтып жатқан кезде мұрынымнан қан аққан жоқ. Әдемі спорт, көр енді деп айтты. Бірақ андай уәде алды мама: теледидардан мен сені көремін бе, көресіз дедім. Уже көріп жүр мамаңызға сәлем жолдаймыз ба, онда? Анашым, сәлем.
Семсерлесу спортын бұрынғыдай аты таныс болғанымен заты таңсық деуге келмейді. Ел етене шұғылданып жүр. Оған жасалған жағдай да, қолдау да бар.
Ерлік Сертай, семсерлесуден ҚР спорт шебері:
- ШҚО, ОҚО семсерлесу бұрыннан бар. Қазіргі таңда менің білуім бойынша Ақтауда, Ақтөбеде, Қарағандыда ашылып жатқан спортзалдар, семсерлесуге деп ашылып жатқан спортзалдар көп. Алматыдан ол аймақтарға жаттықтырушыларды шақырып, бапкерлерді шақырып, кішкентай балаларды жинап жатыр. Ол қуаныш біз үшін.
Иә, әр жеңістің артында тынымсыз еңбек, төгілген тер, талай ұйқысыз түн, сансыз сынақ пен сынбаған жігер жатқандығы жасырын емес.
Авторлары Шернияз Жалғасбекұлы, Ақылбек Есімсейтов
Тегтер #Қазақстан #жарыс #спорт нысандарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz