RU
Толық нұсқаға өту
@qazavtojol

«Семей – РФ шекарасы» тасжолының 111 шақырымы толық жөндеуден өтті

09.11.2026, 17:50 104

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автожолының 111 шақырымы толық жөнделіп, жолдың техникалық жағдайы жүз пайызға жақсартылды, деп хабарлайды «24KZ».

Екі мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін бұл тасжолмен тәулігіне 1,6 мыңнан астам көлік қатынайды. Бұған дейін, яғни 2024 жылы жолдың жағдайы небәрі 40 пайызды құраған еді. Мамандар ауқымды жұмыстар барысында асфальт төсемінің екі қабатын да толық ауыстырып, жол жиектерін нығайтты және су өткізу жүйелерін ретке келтірді.

Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін күшейту мақсатында жолға мал шығудан қорғайтын 10 шақырымдық қоршау орнатылып, арнайы демалыс орындары мен жаңа автопавильондар салынды. Инфрақұрылымның жаңаруы Бородулиха ауданына қарасты Новопокровка, Дмитриевка және Ауыл елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, кәсіпкерлік пен жол бойы сервисін дамытуға зор мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде бұл бағытта жолаушыларға қызмет көрсететін бірнеше дәмхана мен сервистік нысандар жұмыс істеп тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz