«Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Қазақстанда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны, сондай-ақ 50-ге тарта білім беру, спорт және мәдениет нысаны бой көтереді.
2029 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бағыттау жоспарланған. Оның алғашқы екі жылында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1,5 триллион теңге қарастырылған. Бұл бастамалар Ұлытау облысында да жүзеге аса бастады. Қазір өңірде бірнеше мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олардың бірқатары келесі жылдың күзінде пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Сонымен қатар емхана, ауруханалар, онкологиялық орталық, спорт нысандары мен тұрғын үйлердің құрылысы қолға алынған. Президент Жолдауында айтылған осы және өзге де маңызды бастамалар Жезқазған қаласында өткен кездесуде талқыланды. Жиынға Құрылтай депутаты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі қатысып, өңір жұртшылығымен пікір алмасты.
Дархан Ахмедиев, Құрылтай депутаты:
- Мен өзім Ұлытау облысының тумасымын. Осында өсіп, оқыдық. Сондықтан Құрылтай депутаты ретінде өңірге алғаш рет келіп отырған іссапарым. Енді біздің басты мақсатымыз – жақында болған Президент Жолдауын халыққа жеткізу, халықпен талқылау көптеген жақсы дүниелер айтылды, соны осы Жезқазған қаласының тұрғындарына жеткізу. Олардан кері байланыс алу.
Тегтер #жолдау 2026 #Ұлытау облысы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz