Жылдың алғашқы 8 айында 1 млн 64 мың адам әлеуметтік төлем алды. Бұл - шамамен 527 млрд теңге. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының дерегіне сүйенсек, міндетті әлеуметтік төлемдер еңбекке қабілеттілігінен айырылған жандар, асыраушысынан айырылғандар, жүктілікке және босануға байланысты, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алуына байланысты кірісінен айырылғандар және 3 жасқа дейінгі балаларды қарап отырғандар алуға құқылы.
Ал әлеуметтік төлем алуға құқыңыз бар-жоғын 1414 нөмірі арқылы анықтай аласыз.
Жалпы 7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінген. Әсіресе білім беру және денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі артты. Халықты әлеуметтік қорғау саласында да өсім бар.
Тегтер #әлеуметтік төлем #Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры #жеті жылдағы жетістікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz