Астанада өтіп жатқан «Cinderella Cup 2026» турнирінде Даун синдромы бар 11 жастағы Томирис Жанұзақова көпшілік алдында өнер көрсетіп, ерекше ықыласқа бөленді. Көркем гимнастикамен айналыса бастаған жас спортшының бұл қадамы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа бейімделген жобаның жемісі, деп хабарлайды «24KZ».
Томиристі гимнастикаға алып келгенде, ең алдымен, оның қызығушылықпен айналысып, өзіне сенімді болғанын қаладым. Бір айдан кейін осындай үлкен турнирде өнер көрсетеді деп ойлаған да жоқпын. Қызымның жетістігін көру мен үшін үлкен қуаныш, - дейді анасы Ботагөз Жанұзақова.
Еліміздің әр өңірінен келген 300-ге жуық гимнастшы қатысқан жарыс Астанадағы «Ритм» спорт кешенінде өтуде. Турнирді ұйымдастырған Азия чемпионы әрі Олимпиада қатысушысы Анна Алябьева биылғы сайыста ерекше балаларға арналған арнайы бағдарлама таныстырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама әрбір баланың жеке ерекшелігін ескере отырып жаттығу жасауына және үлкен кілемде өнер көрсетуіне жол ашады.
Тегтер #Томирис Жанұзақова #Анна Алябьева #Cinderella Cup 2026 #Даун синдромы #көркем гимнастика #Астана #24жаңалықтар #24KZБіз көркем гимнастиканы қатаң іріктеу, жоғары талап пен үлкен жетістіктер спорты ретінде қабылдауға үйренгенбіз. Бірақ спорт тек болашақ чемпиондарға ғана арналмауы керек. Біздің мақсатымыз - әр баланың дамуына, қабілетін ашуына жағдай жасау. Томирис жаттығуды бастағанына көп уақыт өтпесе де, бүгін үлкен кілемге шығып, өнер көрсетіп отыр. Біз дәл осындай нәтижеге қол жеткізу үшін жұмыс істейміз, - деді Анна Алябьева.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz