Бүгін Жамбыл облысында мыңнан астам жас «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Ауқымды шара Тараз қаласы мен облыстың 10 ауданында бір мезгілде ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24KZ.
Табиғат жанашырлары саябақтар мен демалыс орындарын, көшелер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазартты. Мәселен, тараздық белсенділер Абай мен Пушкин көшелерінің қиылысындағы демалыс орнын күзгі жапырақтардан арылтып, айналаны ретке келтірді. Жалпы, жыл басынан бері облыста өткен осындай экологиялық шаралар 7 мыңға жуық жастарды қамтыған. Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жамбыл облысында 48 мың 500 түп ағаш егіліп, 6 мың шақырымға жуық көше мен жол бойы тазартылған. Нәтижесінде 13 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылған.
Дархан Қуаныш, қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкері:
– Жыл басынан бері 70-тен аса акция өткіздік. 18 тоннадан аса қоқыс шығарылды. 20-дан аса кездесу ұйымдастырылды. Мақсатымыз – Таза Қазақстан экологиялық акциясын басқа да жастарға түсіндіру, қаламызды таза ұстауға шақыру. Сонымен қатар жастарды бір арнаға бұра отырып тазалық акциясына үлес қосуға шақыру.
Тегтер #24KZ #Таза Қазақстан #Жамбыл облысы #Тараз #тазалық акциясыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz