RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Ана тіліміздің әлеуеті

10.11.2026, 17:38 44

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру және оның қолданыс аясын кеңейту мәселесі мемлекеттің басты назарында. Осы орайда елімізде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы  Халықаралық қазақ тілі қоғамының вице-президенті, профессор Шерубай Құрманбайұлы «24KZ» арнасына берген сұхабтында айтып берді.

Жалпы, кез келген елдің мемлекеттік тілі – сол елдің бірлігін, тұтастығын қамтамасыз ететін аса маңызды құндылығы. Қазір цифрлық ғасыр. Бұл дәуірде мына жаңа технологиялардың тілін кім меңгерсе, жасанды интеллектті кім меңгерсе және осы салаларда тілді қаншалықты қолданса, сол тіл, сол мемлекет алдыға шығатыны белгілі. Сондықтан цифрландыру дәуірінде қазақ тілінің ұлттық корпустарын жасау, контентті байыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.  – деді Шерубай Құрманбайұлы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық қазақ тілі қоғамының X мерейтойлық құрылтайында барлық салада, әсіресе цифрлық кеңістікте ана тіліміздің бәсі биік болуын қатаң міндеттеген болатын. Президент қазақ тілі – тәуелсіздігіміздің мызғымас символы екенін атап өтіп, оны дамыту өзге тілдерге қарсы қою емес, керісінше, ел бірлігі мен ынтымағының негізі екенін жеткізді. Осы бағытта қазірдің өзінде «Egov GPT» жүйесін жетілдіру, «Тұмар 112» цифрлық қауіпсіздік жобаларын іске қосу, OpenAI компаниясымен бірлесіп WhatsApp желісінде қазақ тілін дамыту сияқты маңызды қадамдар қолға алынды.

Ал енді кейбір жаратылыстану ғылымдары саласына келсек – инженерия, энергетика, биотехнология, медицина және әскери салаларда қазақ тілінің қолданысы әлі де жеткіліксіз. Оны шешу үшін бізге ұлттық ғылыми қазақ тілді кадрларды дайындау керек. Егер сапалы оқулық, жаңа оқу құралдары және білікті профессорлар болатын болса, ғылымға ұмтылған жастар қазақ тілінде білім алуға өздері мүдделі болады, – деп атап өтті профессор.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz