RU
Толық нұсқаға өту

Елде киберқылмыс азайды

10.11.2026, 21:10 34

Қазақстанда соңғы үш жылда киберқылмыстар саны 40 пайызға жуық төмендеген, деп хабарлайды 24KZ.

Күдікті қаржы операцияларын анықтауға антифрод-орталық көмектессе, жасанды интеллект тергеу барысын жеделдетуге мүмкіндік беріп отыр. Алаяқтарға банк карталарын беріп, ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысатын дропперлерге қарсы шаралар да күшейтілген. Ішкі істер министрлігінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілгеннен бері мыңнан астам құқық бұзушылық тіркеліп, 364 адам жауапқа тартылған. Сонымен қатар соңғы үш жылда интернет-алаяқтық қылмыстарының ашылу көрсеткіші 30 пайызға жуық өскен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz