RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысының туристік бағыттары 2GIS картасына енгізілді

11.11.2026, 07:38 62

Қарағанды облысының туристік әлеуетін дамыту бағытында жаңа жоба қолға алынды.

Енді өңірдің көрікті жерлеріне саяхаттаушылар 2GIS цифрлық картасы арқылы қажетті ақпаратты оңай таба алады. Осы мақсатта 2GIS компаниясы мен Қарағанды облысының туристік ақпараттық орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жоба аясында Қарқаралы, Балқаш, Қызыларай таулары және өзге де танымал туристік нысандар электронды картаға енгізіледі. Бұл саяхатшыларға бағытты алдын ала жоспарлап, көрікті орындарға баратын жолды кедергісіз табуға мүмкіндік береді. Кейінгі жылдары Қарағанды облысына келетін туристер қатары артқан. Биылдың өзінде тек жазғы маусымда өңірге 400 мыңнан астам адам саяхаттады.

Борис Макиенко, Visit Karaganda туристік-ақпараттық орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Біздің басты мақсатымыз - Қарағанды облысының туристік әлеуетін кеңінен таныту. Бұл әсіресе цифрландыру жағдайында өте өзекті. Өңірдің көрікті жерлері, туристік нысандары, жайлы орналасу орындары, басқа да сервистік қызметтер туралы маңызды ақпаратты жинақтадық. Осылайша, келген қонақтардың облыс төңірегінде алаңсыз саяхаттауына қолдау көрсетеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz