Елде көлік иелеріне апаттан келген залалды өтеу тәртібіне өзгеріс енгізу көзделіп отыр.
Енді клиент сақтандырушыға жүгініп, ақшалай төлем алу немесе залалды заттай өтеу нұсқасының бірін таңдай алады. Егер «заттай» өтеу құқығы таңдалса, компания сақтандыру құнын тек аккредиттелген көлік жөндеу орталығына тікелей аударады.
Есесіне көлікті қалпына келтіру мерзімі бұрынғыдай 90 күн емес, 30 күнге дейін қысқарады. Сақтандырушы жөндеу жұмыстарының сапасына кепілдік беруге және алдағы 6 ай ішінде анықталған кемшіліктерді өз қаражаты есебінен жоюға міндетті болады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Сақтандыру нарығы туралы» жаңа заң жобасын әзірлеуде. Бүгінде құжат ашық талқылауға шығарылған. Талқыдан өткен соң мемлекеттік органдармен өзара пысықталып, Құрылтай қарауына ұсынылады. Заң келер жылы қабылдануы мүмкін.
Тегтер #автосақтандыру #өзгеріс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz