RU
Толық нұсқаға өту
Фото: бейнежазбадан алынған скриншот

Абай облысында республикалық маңызы бар жолдың 66 шақырымы жаңартылды

11.11.2026, 14:48 32

Абай облысында республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 66 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Жаңартылған учаскелер көлік қозғалысына пайдалануға берілді, деп хабарлайды «24KZ».

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 2026 жылы жолдың үш учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде жол жабынының сапасы жақсарып, жүргізушілер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалды.

Аталған күре жол Абай облысының көлік қатынасында маңызды рөл атқарады. Өңір аумағындағы жалпы ұзындығы – 618 шақырым. 1978–1980 жылдары салынған автожолдың бойында 24 көпір мен 426 су өткізу құбыры бар. Қазіргі уақытта бұл бағытпен тәулігіне 576-ға дейін автокөлік жүреді.

Республикалық маңызы бар жолдарды нормативтік техникалық жағдайға келтіру және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz