Өскеменде қаланың экологиялық паспорты жасалып жатыр. Шекті рұқсат етілген шығарындылардың жиынтық томы жарық көреді. Заң бойынша бұл құжат әрбір 4 жыл сайын жаңартылуы тиіс еді. Алайда соңғы бес жыл зерттеу жүргізілмеген, деп хабарлайды 24KZ.
«Бұған мердігерлердің жауапсыздығы себеп болды», – дейді сала мамандары. Олардың айтуынша, екі рет конкурс жарияланған. Алайда екеуі де басталған істі аяқтай алмай, соңы сот процесіне ұласқан. «Сондықтан қазір экологтар ескі де болса бұрынғы деректерге сүйенуге мәжбүрміз», – дейді. Айта кетейік, қалада жылына 160 мың тоннаға жуық зиянды қалдық ауаға тарайды. Оның шамамен 57 проценті – автокөлік түтіні. Ал үштен бірі зауыттардан, оннан бір бөлігі жеке сектордан шығады. Жергілікті билік өкілдері қала экологиясын жақсарту үшін түрлі жобалар жүзеге асып жатқынын айтады.
Әмина Құрманжанқызы, қала әкімдігінің баспасөз хатшысы:
– Қазіргі таңда экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жолайрықтар салу жобалары жүзеге асырылып, жеке сектордағы тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу мәселесі қарастырылуда.
Тегтер #Өскемен #экологиялық паспортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz