Жетісу облысының жастары өзенді қоқыстан тазартып, оттегімен байытатын құрылғы құрастырды. Жел мен күннен энергия өндіретін және тұрмыстық қалдықты өңдейтін қондырғылар да жасады. Жас дарындар жобасын «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық байқауында таныстырды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған шараға колледж студенттерінен құралған 12 команда қатысты. Олар экологиялық мәселелерді көтеріп, шешудің жолдарын өз идеясы арқылы ұсынды. Өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, тың бастамасын қолдау мақсатындағы сайыс облыста осымен үшінші рет өткізілді, деп хабарлайды 24KZ.
Нұрәли Келіс, байқауға қатысушы:
– Жансүгіров колледжінің жобасын айта кетсек, «Жетісу Гринвольт» деп аталады. Яғни жел энергиясы арқылы ток өндіру. Елімізде энергияға қатысты көптеген проблема туындауда. Осы проблемалардың алдын алу үшін өзіміздің жобамызды құрадық.
Арнай Байжұрынов, «Жетісу жастары» КММ директоры:
– Ауқымды ары қарай дамытуға болады деген жобаларды әртүрлі мекемелерге немесе дамытуға болатын инвесторларды табуға мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз. Алдағы уақытта да жастардың ойлары туындап қалды-ау дегенде, тағы да осындай хакатондарды ұйымдастыратын боламыз.
Тегтер #Таза Қазақстан #Жетісу #жоба #жастарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz