«Қарты бар үйдің қазынасы бар». Елде жасы 60-тан асқан жандар қарттар санатында саналады. Жыл басындағы есепке сүйенсек, бұл санатта 3 млн-ға жуық адам бар. Аймақтар арасындағы алғашқы үштікті атап өтсек, деп хабарлайды 24KZ.
Ұлттық статистика бюросының есебі бойынша Алматы қаласы көш басында. Шаһарда 300 мыңнан аса қария өмір сүреді. Сондай-ақ Түркістан облысында 200 мыңнан астам егде адам бар. Ал көмірлі өлке Қарағанды облысында 212 мың 487 қарт ғұмыр кешіп жатыр.
Тегтер #24KZ #қарттар #Ұлттық статистика бюросы #Алматы #Түркістан #ҚарағандыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz