Бүгінгі таңда еліміздегі еңбек нарығында қандай мамандықтарға сұраныс көп және кадр тапшылығы қалай шешіліп жатыр? Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Көші-қон процестерін талдау және еңбек ресурстарын болжау департаменті директорының орынбасары Мадияр Алдияров «24KZ» арнасының студиясында айтып берді.
Электрондық еңбек биржасы enbek.kz мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері 1,2 миллионға жуық бос жұмыс орны тіркелді. Ең жоғары сұраныс мейіргерлер, медбикелер, жүргізушілер, тәрбиешілер мен күзетшілерге тиесілі (15–20 мыңға жуық бос орын). Алайда бұл мамандықтарға ұсынылатын түйіндемелер саны да салыстырмалы түрде бірдей болғандықтан, мұны нағыз тапшылық бар сала деп айтуға келмейді, – деді Мадияр Алдияров.
Сарапшының айтуынша, гуманитарлық бағыттағы мамандықтар (заңгерлер, экономистер, есепшілер) бойынша түйіндемелер саны жұмыс берушілер ұсынған орындардан 2-3 есе, кейде 5 есе көп. Мұның басты себебі – білім беру жүйесіндегі институционалдық факторда жатыр. Соңғы жылдары мемлекеттік тапсырыс техникалық және инженерлік мамандықтарға басымдық беріп (60 пайыздан астам), гранттардың көбі соққанымен, юриспруденция сияқты гуманитарлық салалардың 90 пайыздан астамы өз қаржысымен (ақылы негізде) оқиды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #еңбек нарығыЖалақы деңгейі салалық ерекшеліктерге тікелей байланысты. Мысалы, табиғи монополиялар саласындағы электромонтерлердің жалақысы тарифтік реттеу саясатымен шектеледі, сондықтан маман тапшылығы орын алғанның өзінде жалақыны бір мезетте күрт көтеру қиын. Ал жастарға мамандық таңдаған кезде өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, инженерия, денсаулық сақтау және білім беру салаларына назар аударуға кеңес беремін. IT немесе мұнай-газ салаларында жалақы жоғары болғанымен, бәсекелестік те өте жоғары (бір орынға 30-ға жуық үміткер таласуы мүмкін). Маман таңдауда тек жоғары жалақыны ғана емес, өз қабілеттері мен нарықтағы шынайы сұранысты дұрыс бағалай білу маңызды, – деп атап өтті сарапшы.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz