Елдегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2030 жылға қарай 15%-ға жетеді. Ал соңғы 6 жылда 4 есе артқан. Премьер-министр Анталиядағы COP31 саммитінде осылай мәлім етті. Бұдан бөлек, Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысы жайында да айтты, деп хабарлайды 24KZ.
2027 жылы елде 270 млн көшет отырғызылады. Бұл бұған дейін егілген 1 млрд 700 млн ағашқа қосылатын жасыл желек болмақ. Негізгі меже 2 млрд шыбық қадап, айналаның шырайын кіргізу. Туған өлкені көріктендіруге тұрғындардың да талпынысы күшті. Игілікті іске 6 млн-нан аса адамның атсалысуы соның айғағы. Ел делегациясы ішкі бастамаларды баян етіп қана қоймай, жемісті келісім де жасасты. Жаңартылатын энергияны дамыту және газ инфрақұрылымын жаңғырту бойынша 1 млрд 200 млн доллардың құжатына қол қойылды. Нәтижесінде Түркістан өңірінде 150 МВт және Қостанай облысында 1 мың МВт-тық жел электр станциялары салынады. Интеллектуалды газ есептегіштері орнатылып, Aqyl Energy жобасы жүзеге аспақ. Саммитте серіктестер серпінді жобаларын да таныстырды.
Ага-Паша Даврушев, KAZ REZ компаниясы директорының орынбасары:
– Біз мемлекет пен «Жасыл даму» жобасының қолдауын көрдік. Мемлекет 3% несие берсе, «Жасыл дамудан» субсидия алдық. Бұл өңделген әр тауар тоннасының өтеміне беріледі. Енді ірі көлемдегі 40 мың тонна болатын қолданыстағы резеңкелерді өңдеуді еңсергелі жатырмыз. Осылайша, экспорттауды бастаймыз.
Тегтер #COP31 саммиті #жаңартылатын энергия #Анталия #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz