Түркістан облысында «Халықтық құрылыс» бастамасы бойынша 36 нысан салынады. Жобалардың жалпы құны 34 млрд теңгеге бағаланып отыр. Құрылыс келесі жылы басталып, 2031 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған, деп хабарлайды 24KZ.
Президент биылғы Жолдауында көтерген бұл бастаманы жүзеге асыру мәселесі облыстың қоғам белсенділерінің Құрылтай депутаттарымен кездесуінде талқыланды. Басқосуға қатысушылар мақта-тоқыма кластерін дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізу туралы пікірлерімен бөлісті.
Замир Мұхамеджан, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары:
– Биылғы Жолдау өткен жылдардағы Жолдаулармен салыстырғанда, заманның дамуы мен өзгерістеріне байланысты ерекше. Халықтық құрылыс деп айтып жүрміз ғой, соның ішінде ең бастысы – әлеуметтік нысандар, яғни білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салалары. Бұл – халыққа ең қажетті бағыттар. Сонымен қатар, мақсат тек қалаларды ғана емес, ауылдарды да дамыту, олардың инфрақұрылымын жақсартып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру.
Дихан Қамзабекұлы, Құрылтай депутаты:
- Әрине Жолдаудағы ғылым, инновация, технология бағыттарымен қатар, өңірдің негізгі салалары – ауыл шаруашылығы мен өндіріс те біршама жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Мақта-мата кластерін айтатын болсақ, сонымен бірге өңірдегі жеміс-жидек және басқа да ауыл шаруашылығына қатысты жақсы жетістіктер бар. Осыған байланысты ендігі мақсат – бұл өнімдерді одан әрі игеріп, терең өңдеуді дамыту. Сонымен қатар өндірілген өнімнің игілігін халықтың өзі көруі керек.
Тегтер #жолдау 2026 #Құрылтай депутаты #президентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz