Соңғы жеті жылда 1259 денсаулық сақтау нысаны салынды. Нәтижесінде 200 ауылда алғаш рет медициналық мекеме ашылған. Осылайша, елді мекендердегі 1 миллион тұрғын енді ем іздеп қалаға ағылмайды. Сондай-ақ «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы да өз жемісін берді, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл бағытта медициналық санитариялық көмек көрсететін 655 нысан бой көтерген. Тағы 32 аудандық аурухана жаңғыртылып жатыр. Сәйкесінше, республикалық маңызы бар ірі жобалар да жүзеге асырылуда. Былтыр бас қалада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, ал Алматыда 350 төсек орны бар Ұлттық жұқпалы аурулар ғылыми орталығы салынды. Басты мақсат халыққа сапалы медициналық көмек көрсету.
Тегтер #медициналық мекеме #құрылыс #жеті жылдағы жетістік #жобаларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz