RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстау облысында 267 сайлау учаскесі ашылады

12.11.2026, 17:07 16

Маңғыстау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында 455 мыңнан аса адам дауыс беру құқығына ие. Ақтауда орталық сайлау комиссиясының өкілдері қатысқан жиында алдағы саяси шараға дайындық барысы пысықталды, деп хабарлайды 24KZ.


29 қарашада өңірде 267 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Үшеуі әскери бөлімде, тағы алтауы вахталық қалашықта орналасады. Барлық учаскенің мекенжайы арнайы сайтта көрсетілген. Тұрғындар қай сайлау учаскесіне тіркелгенін сall-орталыққа хабарласып, Тelegram-бот арқылы тексере алады. Сонымен қатар облыс тұрғындары тіркелген жерден тыс 6 учаскеде дауыс бере алады деп жоспарланған.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Оқыту семинарлары саяси партиялардың өкілдері мен кандидаттардың сенімді өкілдері үшін тиісті деңгейде өткізіліп жатыр. Біз оны да көріп отырмыз. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өз тарапынан заңда көрсетілген талаптарды орындап жатқанын да айқындап, зерделеп жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz