RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Жылыту маусымы: Ақмола облысы қысқа дайын

12.11.2026, 17:28 21

Елімізде өтіп жатқан жылыту маусымының тұрақтылығы мен өңірлердің қысқы кезеңге дайындық деңгейі басты назарда. Ақмола облысында бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен өңірдегі ахуал туралы Ақмола облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Әсетхан Атыбеков «24KZ» арнасының студиясында айтып берді.

Коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардың жылыту маусымын өту барысына күнделікті мониторинг жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде бүгінгі күні ешқандай апаттық жағдайлар, технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген. Осы ұйымдар тарапынан температуралық кестелер толыққанды сақталып келе жатыр. Жалпы алғанда, жылыту маусымы тұрақты түрде өтіп келе жатыр, – деді Әсетхан Атыбеков.

Өңір өкілінің айтуынша, алдағы қысқы кезеңге дайындық аясында жоспарланған істер толығымен іске асқан. Атап айтқанда, биыл 4 жаңа блок-модульді қазандық орнатылып, 39 қазандық алмастырылған. Сонымен қатар 3 000-ға жуық электр торабы жөнделіп, республика бойынша ең үлкен көрсеткіш – 60 шақырымға жуық жылу желілері қайта жаңартылды. Бұл шаралар жылыту маусымын кідіріссіз өтуге және ықтимал тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Облыс бойынша көмірге деген жалпы қажеттілік 860 000 тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда облысымызға оның 60 пайызы, яғни 521 000 тоннасы жеткізілді. Бекітілген кестенің орындалу көрсеткіші 157 пайызды құрайды. Жылу беру ұйымдарында кем дегенде 20 күнге жететін көмір қоры жинақталған. Өңіріміздегі халыққа көмір сататын 59 пунктте 50 000-ға жуық қор бар, қазіргі таңда көмірге деген тапшылық жоқ», – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz