RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда «Еркін сөз» байқауының жеңімпаздары марапатталды

12.11.2026, 18:30 33

Алматыда «Еркін сөз» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Ұймдастырушысы Түркітілдес журналистер қоры. «Үздік ақпараттық теле-сюжет» номинациясы бойынша бас жүлдені 24KZ телеарнасының тілшісі Еркебұлан Смадияров жеңіп алды. Оған қоса, газет пен интернет басылымның үздіктері анықталды.


Биыл ұйымдастырушылар байқаудың он жылдығына орай «Қазақ журналистикасының үздіктері» номинациясын қосты. Олардың қатарында «Хабар» агенттігінің тілшісі Тілеуқабыл Мыңжасар атындағы «Елмен егіз журналист» марапаты бар. Оның алғашқы иегері тәжірибелі журналист, білікті медиа-менеджер, Жанахмет Ағыбаев. Ал «Хабар» арнасының тағы бір журналисі Индира Жылқыайдарова атындағы «Қайсарлық пен кәсіби адалдық» марапатын, бұқаралық ақпарат өкілі Маржан Жұмабай иеленді.

Нәзия Жоямерген, Түркітілдес журналистер қорының президенті:

– Биылдан бастап қолға алған «Қазақ журналистикасының үздіктері – 2026» жобасының мақсаты – қазақ журналистикасының дамуына үлес қосқан, өкінішке қарай, бүгінде ортамызда жоқ аға буын, орта буын және жас буын өкілдерінің есімдерін ұмыт қалдырмай, олардың журналистика саласына қосқан үлесін ескере отырып, кейінгі ұрпаққа өнеге ету және сол тұлғалардың атынан марапаттар табыстау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz