RU
Толық нұсқаға өту

Петропавлда жаңа жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлінді

12.11.2026, 18:45 37

Петропавлда жаңа медициналық жедел жәрдем стансасын салуға 5,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде медициналық жабдықтар сатып алуға шамамен 800 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды 24KZ.

Жалпы аумағы 1,5 гектар болатын кешеннің құрамына төрт қабатты негізгі ғимарат, цифрлық диспетчер қызметі, си-муляциялық орталық, 20 санитариялық автокөлікке арналған жылы гараж, көлік жуу орны мен жөндеу шеберханасы кіреді. Сонымен қатар арнайы техниканы, медициналық құралдар мен дәрілік заттарды сақтауға арналған үй-жайлар қарастырылады. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz