Басшысы қамауға алынған «Самұрық-Қазына» өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Жұмыс штаттық режимде жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы компания Telegram арнасында жариялады. Инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестермен жүргізілген келісімшарттар талапқа сай орындалады. Бұдан бөлек, қордың инвестициялық жобалары мен стратегиялық бағдарламалары бекітілген жоспарға сәйкес іске асып жатыр. «Самұрық-Қазына» өз міндеттемелерінің өзгеріссіз қалатынын және барлық серіктестерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растады.
Тегтер #СамұрықҚазына #қамау #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz