«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудағы жаңа сын-қатерлер мен шешімдер. Астанада осындай атаумен халықаралық конференция өтті. Жиынға Қауіпсіздік кеңесінің өкілдері, Құрылтай депутаттары, алыс-жақын елдерден құқық қорғау органдары саласының мамандары қатысты, деп хабарлайды 24KZ.
Елдің Бас Прокуроры Берік Асылов жаңа Конституция құқықтық жүйені жетілдіруде берік негіз болғанын айтты. Президент бастамасын ілгерілетуде Прокуратураның рөлі айрықша. «Мемлекеттік органдар заңдылықты одан әрі нығайту мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызмет етуі керек», – дейді сарапшылар. Әрбір тұрғын құқықтық санасын көтеруі да маңызды. Конференцияда отандық компаниялардың IT-өнімдері таныстырылды. Олардың көмегімен прокурорлар биыл шетелдегі 20 млн АҚШ долларын құрайтын жасырын активтерді әшкереледі.
Нұрлан Дулатбеков, ҚР Құрылтайының депутаты:
- Бас прокуратура өткізіп жатқан конференцияның негізгі тақырыбы – адам құқықтары мен бостандықтары. Біз Құрылтай депутаттары ретінде Азаматтық кодексті қабылдау барысында да жасанды интеллектіні енгізу мәселесінің күннен-күнге өзекті болып келе жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан бүгінгі конференцияда жасанды интеллект мәселесінің талқылануы – уақыт талабына сай деп білемін.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Астана #халықаралық конференцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz