Елде білім алуға, ғылыммен айналысуға, кәсіп ашып, табыс табуға мүмкіндік мол. Бейбіт өмір әр адамға өз мақсатына жетіп, болашағын жоспарлауға жол ашады, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір жолдар жөнделіп, инфрақұрылым жаңарып, жұмысшы жастарды қолдауға бағытталған түрлі бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Әр адам өз қабілетін шыңдап, адал еңбекпен табысқа жете алады. «Ал туған елдің дамуына үлес қосу – әркімнің өз жұмысын жауапкершілікпен атқаруынан басталады», – дейді тұрғындар.
Тегтер #сауалнама #тұрақтылық #білім алу #инфрақұрылымPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz