RU
Толық нұсқаға өту

Қоғамдық бақылауды күшейту ұсынылды

12.11.2026, 23:21 27

Қоғамдық бақылауды күшейтіп, мемлекеттік органдардың азаматтар тарапынан түсетін ұсыныстарға жауапкершілігін арттыру қажет. Бұл мәселе Қазақстан Халық Кеңесі жанындағы комиссия отырысында көтерілді, деп хабарлайды 24KZ. 

Азаматтық қатысу және волонтерлік мәселелері жөніндегі комиссияға барлығы 51 бастама түсті. Қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын ашық жариялау мәселесі сөз болды. Тәуелділіктен зардап шегетін адамдарға көмектесетін жеке оңалту орталықтарына бірыңғай талаптар енгізу мәселесі қаралды. Бұның бәрі мамандардың біліктілігін, қызмет сапасын және көмек алушылардың құқықтарын қамтуы тиіс. Балаларды қолдау үшін денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау мекемелерін байланыстыратын бірыңғай сүйемелдеу жүйесін құру ұсынылды. Үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасы талқыланып, волонтерлікті дамыту, жастардың қоғамдық өмірге қатысуын кеңейту мәселелері де сөз болды. Комиссия мүшелерінің ұсыныстары жинақталып, сараптамалық пысықтауға жолданады. 

Найла Мұхтарова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

- Жастар қозғалысына еліміздің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген жастар көшбасшыларын тарту, олардың кандидатураларын қарастыру жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар менің ойымша, әрбір Халық кеңесінің мүшесі жастармен бірлесіп қандай да бір бастаманы жүзеге асырып жатса, бұл – жастардың әлеуетін дұрыс пайдалана білудің көрінісі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz