Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауда тұрғын үй мәселелері, борыштық жүктемені реттеу, адал қарыз алушыларды қолдау және еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселелері қозғалды.
Жастарға кәсіби бағдар беру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау, алимент төлеу жүйесін жетілдіру және тағы басқа да мәселелер көтерілді. Азаматтардың нақты мәселелерінен бөлек, қоғамдық маңызы бар ауқымды бастамалар да талқыланды.
Сонымен қатар қабылдау барысында мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды кешенді қолдауға бағытталған пилоттық бағдарламаны іске асыру мәселесі қаралды. Қабылдауда барлық ұсыныстар мен өтініштерге қатысты түсініктеме беріліп, құзырлы органдармен бірлесіп шешу жолдары зерделенетіні айтылды.
Тегтер #Қазақстан Халық Кеңесі #төраға #Ерлан Кошанов #қабылдауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz