The Worldworthy 100 халықаралық редакциялық рейтингінің 2026 жылғы шығарылымында Алматының үш туристік нысаны әлемнің үздік 100 нысанының қатарына енді, деп хабарлайды «24KZ».
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен байланысты екі туристік бағыт әлемдік рейтингте жоғары бағаланды:
Кімасар шатқалы – әлемдегі үздік жаяу туристік бағыттар арасында 56-орында.
Бутаков шатқалы – әлемдік рейтингте 79-орын иеленді.
Сонымен қатар Шымбұлақ аспалы жолы әлемдегі ең үздік 100 аспалы жол рейтингінде 9-орынға ие болды.
Аталған үш нысан да Worldworthy 100 рейтингінің 2026 жылғы лауреаты атанып, арнайы сертификаттармен марапатталды.
Worldworthy 100 – келушілердің пікірлері мен бағалауларына, журналистік зерттеулерге және ашық дереккөздердегі мәліметтерге негізделген халықаралық редакциялық рейтинг.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, бұл жетістік Іле-Алатауының табиғи көрікті жерлеріне халықаралық қызығушылықты арттырып, Қазақстанның экотуристік әлеуетін әлемге танытуға мүмкіндік береді.
Тегтер #Алматы #туризм #әлемдік рейтинг #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz